🎥 Видео Сабақ

Видео сурет
📥 Презентация

📘 Мәлімет

1. Қазақстан географиясының қалыптасу кезеңдері. Қазақ жерінің зерттелу жағдайы туралы алғашқы географиялық деректер Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы қарым-қатынастың (керуен жолдары, елшілік көштері т.б.) дамуына байланысты. Олардың бағыттары Қазақстан аумағын арқылы өтсе, сол себепті байқаған Қазақстанның көптеген табиғи нысандары туралы жазба деректерге ене бастады. Қазақстан жері физикалық-географиялық тұрғыдан жүйелі түрде зерттеле бастаған ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болды. Ол «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Жоңғар очерктері», «XVIII ғасырдағы қырғыздар туралы жазбалар» атты еңбектерінде Қазақстан жерінің табиғаты, өзен-көлдері, климаты мен пайдалы қазбалары туралы алғаш деректер берді.

Қазақстан географиясының қалыптасуы үш кезеңге бөлінеді:

қалыптасу кезеңі;

даму кезеңі;

қазіргі кезең.

Қалыптасу кезеңі XIX ғасырдың ортасынан 1930 жылдарға дейінгі аралықты қамтиды. Орыс географиялық қоғамының бөлімшелері ашылып, Қазақстанды зерттеу ісіне көптеген ғалымдар қатысты. Орта географиялық экспедициялар ұйымдастырылып, табиғи байлықтар зерттелді. Одан соң, 1930 жылы Қазақстанда жоғары оқу орындары ашылып, география пәні оқытыла бастады. 1939 жылы Қазақ филиалының құрамында география секторы құрылды

Бұл кезеңдегі Қазақстан табиғатын зерттеудің басты мақсаты – еліміздің табиғатын толық сипаттап, оның географиялық портретін жасау болды. Қазақстан географиясының қалыптасу кезеңі Шоқан Уәлиханов, Александр Седельников, Салық Бабажанов, Григорий Потанин еңбектерімен тығыз байланысты. Даму кезеңі 1930 жылдардың аяғынан 1990 жылдардың басына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. География секторының құрылуымен республика аумағының табиғатын, халқы мен шаруашылығын жоспарлы, кешенді зерттеу қолға алынды. Басты мақсат – табиғат ресурстарын зерттеу және өндірісті тиімді орналастырудың географиялық түрлерін негіздеу болды. Бұл кезең – ірі масштабты географиялық экспедициялардың кезеңі болды. Оған Қазақстан аумағын табиғи және экономикалық тұрғыдан аудандастыру, табиғи кешендердің картасын түсіру, географиялық қорықтар (Үстірт, Марқакөл, Алматы, Алтай) ұйымдастыру сияқты жұмыстар тән болды. Қазақстан аумағының табиғи ресурстарын игерудің маңызды кезеңінде география ғылымы елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының қажеттіліктерін шешуге үлес қосты. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының география секторы ірі ғылыми-ұйымдастырушы орталыққа айналды. Қазақстан табиғатын зерттеген ғалым-географтардың ішінде табиғи байлықтарды зерттеуде академик-географ Николай Николаевич Пальговтың, топырақтанушы ғалымдар К. Дьяконов пен И. Герасимовтың, геоморфологтар А. Сидельников пен Л. Бергтің, гидрогеографтар А. Дьяков пен М. Головкиннің, климатолог А. Чеботаревтың, геоботаник А. Иванов пен зоогеограф А. Дощановтың, эконом-географ Беньямин Яковлевич Двоскиннің еңбектері ерекше аталды. Қазіргі кезеңнің басталуы уақыты бойынша Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты.

2. Қазіргі Қазақстан географиясы. Қазақстан география ғылымы бүгінде елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды ғылыми негіздерінің біріне айналды. Географиялық зерттеулердің басты мақсаты – елдің табиғи және экономикалық әлеуетін тиімді және ұтымды пайдалану деп белгіленді.

Академиялық ғылымның атқаратын қызметі – ғылыми-зерттеушілік, яғни географиялық зерттеулердің басым бағыттарын анықтау және ірі жалпы мемлекеттік жобаларды географиялық тұрғыдан негіздеу болып табылады. Мысал ретінде қазақстандық ғалымдардың табиғи даму жобасын алуға болады. Академиялық ғылымға Орталық Азиядағы бірден-бір географиялық ғылыми-зерттеу институты – Қазақстан Республикасының география және су қауіпсіздігі институты жетекшілік жасайды. Жоғары оқу орындары – білім беру және ғылыми-зерттеу тәрізді екі функцияны атқарады. Олардың еліміздегі жоғары оқу орындарының география кафедраларында (әл-Фараби, Абай, ҚазҰПУ және Алматы қ.) және Л. Гумилев атындағы (Астана қ.) Еуразия ұлттық университетінде жүзеге асырылады. Іргелі география – бұл білімнің жаңа түрлерін іздеу, жаңа идеялардың, теориялар мен заңдылықтардың ашылуы мен қалыптасуы, яғни географиялық білімнің жаңа бағыттарының пайда болуын қамтамасыз ететін ғылыми бағыт. Қазіргі қазақстандық география – ғалымдардың үлкен жүйесі болып табылады. Зерттеу нысандарына байланысты ол алты үлкен салаға бөлінеді

Қазақстандық географтардың зерттеулері

Қазақстандық географтардың зерттеулері

1-бөлім. Топтық сұрақтар

Сұрақ 1: Қазақстандық географтардың зерттеу бағыттары қандай болды?

Қазақстан географтары табиғи ресурстарды, климаттық аймақтарды, гидрографияны және халықтың қоныстану жүйесін зерттеді.

Сұрақ 2: Қаныш Сәтбаев география саласына қандай үлес қосты?

Қаныш Сәтбаев Қазақстанның табиғи байлықтарын зерттеп, жер қойнауын игеру бағыттарын ұсынды. Ол геологиялық-географиялық зерттеулердің негізін салды.

Сұрақ 3: XX ғасырда Қазақстандағы географиялық зерттеулер қалай дамыды?

XX ғасырда географиялық картография, климатология, агрогеография және экономикалық география бағыттары қарқынды дамыды, жаңа ғылыми орталықтар ашылды.

2-бөлім. Сәйкестендіру

3-бөлім. Жеке тапсырма

Тапсырма 1: Қазақстандағы табиғи аймақтарды зерттеудің маңызы неде?

Табиғи аймақтарды зерттеу табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін маңызды.

Тапсырма 2: Географиялық зерттеу әдістерінің бірі ретінде картографияның рөлі қандай?

Картография зерттеулердің нәтижелерін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді және аймақтық жоспарлауда кең қолданылады.

Тапсырма 3: Қазақстандық ғалымдардың халықаралық географиялық зерттеулердегі орны қандай?

Қазақстандық ғалымдар климаттық өзгерістер, экологиялық мәселелер мен табиғи ресурстарды пайдалану бағытында халықаралық деңгейде зерттеулер жүргізуде.

4-бөлім. Мини-тест

1. Қазақстанның табиғи ресурстарын алғаш жүйелі зерттеген кім?
Қаныш Сәтбаев Шоқан Уәлиханов Лев Берг
2. Шоқан Уәлиханов қай аймақтарды зерттеген?
Ыстықкөл мен Қашқария аймақтарын Арал теңізін Байқоңыр аймағын
3. Лев Берг қандай бағытта зерттеу жүргізді?
Гидрологиялық зерттеулер жүргізді Әлеуметтік зерттеулер Тарихи зерттеулер

📝 Тест

Қазақстан тарихы