Жұптық тапсырмалар — Табиғи ресурстарды өңдеу

1-жұп тапсырмасы:

Минералдық ресурстарды өңдеудің негізгі әдістері қандай? Әр әдістің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылаңдар.

Минералдық ресурстарды өңдеудің әдістері: қазба, байыту, балқыту, кәдеге жарату. Қазба — шикізатты шығару. Байыту — тазалау, концентрлеу. Балқыту — металдарды алу. Кәдеге жарату — қалдықтарды қайта пайдалану.
2-жұп тапсырмасы:

Орман және ауыл шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдалану жолдары?

Орман ресурстарын отырғызу, қалпына келтіру, кесуді реттеу. Ауыл шаруашылығында топырақты тыңайту, су ресурстарын үнемдеу, экологиялық әдістер қолдану.
3-жұп тапсырмасы:

Су және энергия ресурстарын өңдеуде қандай тәсілдер қолданылады?

Су ресурстарын тазалау, бөлу, ирригация жүйесі арқылы пайдалану. Энергия өндіруде су, жел, күн, мұнай, газ, көмір қолданылады. Қалдықсыз технологиялар мен жаңартылатын энергия көздері тиімді.
4-жұп тапсырмасы:

Табиғи ресурстарды өңдеудің экологияға әсері қандай?

Ластану, топырақ эрозиясы, су ресурстарының азаюы, климатқа әсер етеді. Сондықтан қалдықтарды азайту және қайта өңдеу маңызды.
5-жұп тапсырмасы:

Табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану үшін қандай шаралар қажет? Топпен талқылап, негізгі шараларды анықтаңдар.

- Қалдықтарды қайта өңдеу және азайту. - Орман, су және топырақты қорғау. - Энергияны үнемдеу және жаңартылатын көздер қолдану. - Табиғи ресурстардың теңгерімін сақтау.