🔹 1-топ: Инфрақұрылым
1. Инфрақұрылым дегеніміз не?
Күнделікті өмір мен шаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыстар жиынтығы.
2. Инфрақұрылымға не жатады?
Жолдар, электр және сумен қамту жүйесі, байланыс, қойма шаруашылығы, қоғамдық транспорт.
3. Инфрақұрылымның маңызы қандай?
Инфрақұрылымсыз қоғам мен шаруашылықтың қалыпты дамуы мүмкін емес.
4. Инфрақұрылым қандай салаларды қамтиды?
Экономика, көлік, байланыс, энергия және тұрмыстық қызмет салаларын қамтиды.
5. Инфрақұрылымның негізгі қызметі қандай?
Қоғам мен шаруашылықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
🔹 2-топ: Қойма, энергия және су жүйелері
1. Қойма шаруашылығының қызметі қандай?
Тауарларды уақытша сақтау және олардың сапасын сақтау.
2. Қойманың басты міндеті не?
Тауардың сапасын бұзбай сақтау.
3. Энергиямен қамту қызметі не істейді?
Электр қуатын тұтынушыларға жеткізеді.
4. Сумен қамту жүйесінің қызметі қандай?
Мұқтаж адамдарға су жеткізу.
5. Қойма шаруашылығы қай аймаққа жатады?
Күзетілетін аймаққа жатады.
🔹 3-топ: Банктер, дүкендер және асханалар
1. Банктердің негізгі қызметі қандай?
Ақшаны сақтау, беру және аудару.
2. Банктер қандай операциялар орындайды?
Ақшаны бір адамнан екінші адамға немесе бір орыннан екінші орынға аударады.
3. Дүкен дегеніміз не?
Сатып алушылар мен сатушыларға тауар алмасуға көмектесетін арнайы орын.
4. Дүкеннің ішкі құрылымы қандай?
Сауда, қойма және тұрмыстық жайлардан тұрады.
5. Асханалардың қызметі қандай?
Адамдарды тамақпен қамтамасыз етіп, тіршілік әрекетін қолдау.
🔹 4-топ: Транспорт
1. Транспорт дегеніміз не?
Адамдардың, жүктердің және ақпараттың бір жерден екінші жерге ауысуын қамтамасыз ететін жүйе.
2. Қатынас жолдары дегеніміз не?
Адамдар, жүктер және ақпарат өтетін кеңістіктегі жолдар мен желілер.
3. Транспорт құралы дегеніміз не?
Адамдар мен жүктерді тасымалдайтын техникалық құрал.
4. Көлік құралдарының мысалдары қандай?
Автомобиль, ұшақ, тікұшақ, пойыз, теңіз және өзен кемелері.
5. Транспортқа тағы не жатады?
Құбырлар, электр тарату желілері және оптикалық-талшықты магистральдар.