Арал теңізі — Орталық Азиядағы ең үлкен тұйық көлдердің бірі болған. XX ғасырдың ортасында Арал теңізі дүние жүзіндегі төртінші үлкен көл саналатын. Бірақ су ресурстарын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан ол бүгінде экологиялық апат аймағына айналды.
Арал теңізінің тартылуына басты себеп – Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын егістік алқаптарына шектен тыс пайдалану. Кеңес дәуірінде мақта егістігін ұлғайту мақсатында өзен арналары өзгертілді. Бұл теңізге келетін судың азаюына алып келді.
Арал мәселесін шешу үшін мынадай шаралар қолданылуда:
Арал теңізінің экологиялық проблемасы — тек Қазақстан мен Өзбекстанның ғана емес, бүкіл әлемдік деңгейдегі мәселе. Бұл апат адамзатқа табиғатты қорғаудың маңызын ескертеді. Теңізді толық қалпына келтіру мүмкін болмаса да, кіші Аралдың тіршілігін сақтап қалуға болады.