🌍 Топтық тапсырмалар: Литосфералық тақталардың қозғалысы

🔹 1-топ: Дивергенция (Алшақтау)

1. Дивергенция үдерісі дегеніміз не?
Литосфералық тақталардың қарама-қарсы бағытта қозғалып, бір-бірінен алшақтау үдерісі.
2. Рифтинг деген не және ол қай жерде көп кездеседі?
Жер қойнауында терең жарықтардың (рифттердің) қалыптасу үдерісі. Жер қыртысы ең жұқа болатын мұхит түбінде өте көп кездеседі.
3. Спрединг дегеніміз не?
Жарықтар арқылы магма жоғары көтеріліп, базальтты лава төгілуі нәтижесінде жаңа мұхиттық жер қыртысының ұлғаю үдерісі.
4. Орта мұхит жоталарына қандай мысалдар бар?
Шығыс Тынық мұхит жотасы, Солтүстік және Оңтүстік Атлант жоталары (жалпы ұзындығы шамамен 80 мың км).
5. Материктегі рифттік жарықтардың ең ірі мысалы қандай?
Шығыс Африка жарығы (ұзындығы – 6000 км, ені – 80–120 км). Еуразиядағы Байкал көлінің түбі де осындай жарыққа жатады.
6. Тақталардың алшақтауына не себеп болады?
Балқыған магманың астеносферада үздіксіз қозғалып, жоғары көтерілген кезде литосфера шеттерін екі жаққа итеруі себеп болады.
7. Дивергенция нәтижесінде қандай рельеф пішіндері пайда болады?
Мұхит түбінде Орта мұхит жоталары, ал материктерде рифттік жарықтар пайда болады.

🔹 2-топ: Конвергенция (Соқтығысу)

1. Конвергенция дегеніміз не және оған не әсер етеді?
Астеносферадағы conbециялық ағындардың әсерінен литосфералық тақталардың бір-біріне жақындап, соқтығысу үдерісі.
2. Субдукция мен Обдукцияның айырмашылығы неде?
Субдукция – бір литосфералық тақтаның екінші тақта астына батып кетуі. Обдукция – бір тақтаның екінші тақтаға қарай жылжып жақындауы.
3. Коллизия деген не және оның нәтижесі қандай?
Екі материктік тақтаның соқтығысуы. Материктік қыртыс қалың болғандықтан шеттері қатпарланып көтеріліп, қатпарлы таулар мен жер сілкіністерін тудырады.
4. Гималай таулары қандай тақталардың соқтығысуынан пайда болған?
Еуразия және Үнді-Аустралия материктік тақталарының соқтығысуынан (коллизия) түзілген.
5. Екі мұхиттық тақта соқтығысқанда не қалыптасады?
Біреуі екіншісінің астына батып, мантияға сіңеді. Жоғарғы тақтада арал доғалары (жанартаулық аралдар тізбегі — Алеут, Курил, Мариана аралдары) қалыптасады.
6. Мұхиттық және материктік тақта соқтығысқанда не болады?
Жұқа мұхиттық тақта материктің астына батады. Нәтижесінде терең мұхит науалары мен биік тау жоталары (мысалы: Перу науасы мен Анд таулары) пайда болады.
7. Тақталардың конвергенция аймақтары қалай аталады?
Жер қыртысының қысылу аймақтары деп аталады.

🔹 3-топ: Ығыспалы қозғалыс және Қорытынды

1. Ығыспалы орын ауыстыру деген не?
Литосфералық тақталардың бір-біріне қатысты сырғып, параллель бағытта қозғалу үдерісі.
2. Ығыспалы қозғалыстың ең белгілі мысалы қандай?
Сан-Андреас жарығы. Оның ұзындығы 1300 км құрайды және бұл бойда жер сілкіністері өте жиі болады.
3. Сан-Андреас жарығындағы тақталардың жылдық жылдамдығы қанша?
Тақталар жылына шамамен 0,6 см жылдамдықпен жылжиды.
4. Егер тақталар жылына 0,6 см жылжыса, 100 жылда қанша қашықтыққа ауысады?
0,6 см × 100 = 60 см (немесе 0,6 метр) қашықтыққа жылжиды.
5. Литосфералық тақталардың үздіксіз қозғалуының басты себебі не?
Жердің ішкі қабатындағы — астеносферадағы конвекциялық ағындар (магманың үздіксіз қозғалысы).
6. Тақталардың қозғалысы Жер бедеріне қалай әсер етеді?
Жер бедері үнемі өзгеріп, жаңа пішіндер қалыптасады. Шекараларында тау түзілу, жанартау атқылауы және жер сілкіністері қатар жүреді.
7. Ғалымдар анықтаған қозғалыстың үш бағытын атаңдар.
1. Дивергенция (алшақтау), 2. Конвергенция (соқтығысу), 3. Ығыспалы орын ауыстыру (параллель сырғу).