🔹 1-топ: Солтүстік жартышар материктерінің климаты мен қалыптастырушы факторлары
1. Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің климаттық белдеулері мен ішкі көрсеткіштерінің ерекшелігі неде?
Солтүстік жартышар аумағында орналасқан Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің климаттық белдеулері бірдей болғанымен, олардың ішкі климаттық көрсеткіштері алуан түрлі болып келеді.
2. Еуразия материгінің климаттық белдеулері мен жағдайлары қалай өзгереді?
Еуразия материгі солтүстік жартышардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді, тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдары оңтүстік жартышардың субэкваторлық белдеуіне де өтіп кетеді. Материкте климаттық жағдайлар тек солтүстіктен оңтүстікке қарай емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді.
3. Материктердегі күн сәулесінің түсу мөлшері географиялық орнына байланысты қалай бөлінеді?
Әртүрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай оның мөлшері артады. Содықтан солтүстік-шығысында қыс өте қатал болып, суық полюсі орнаса, оңтүстігінде қыс мүлде болмайды.
4. Материктердегі жауын-шашын мөлшері мен климаттың құрғақтығы неге байланысты?
Материктердің көпшілік бөлігінде, әсіресе ішкі аудандарында климат өте құрғақ болады. Бұл материктердің алып жатқан аумағына, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне және жер бедерінің сипатына байланысты.
🔹 2-топ: Еуразия мен Солтүстік Америкадағы атмосфералық циркуляция және Торнадо
1. Еуразия мен Солтүстік Америкадағы ауа массаларының қозғалысында қандай айырмашылық бар?
Еуразияда жер бедерінің жазық болуына байланысты батыс желдері ықпалының күшті болуымен батыстан шығысқа қарай ауа циркуляциясы басым болады. Ал Солтүстік Америкада жер бедерінің сипатына байланысты ауа массаларының солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған қозғалысы айқын байқалады.
2. Солтүстік Америкадағы арктикалық және тропиктік ауа ағындарының әсері қандай?
Арктикалық ауа ағындары еш кедергісіз Мексика шығанағына дейін жетіп, ауа райын салқындатады. Ал Мексика шығанағынан шыққан ылғалды тропиктік ауа массалары Гудзон шығанағына дейін жетіп, қыс кезінде күннің кенет жылынып кетуіне әсер етеді.
3. Торнадо дегеніміз не және оның ең жиі байқалатын жері қайсы?
Солтүстік Американың орталық бөлігінде қысым төмен болып, циклдондардың өтуінен пайда болатын өте күшті желдерді «торнадо» деп атайды. Оның жиі байқалатын жері — Орталық және Ұлы жазықтардың шектескен аймағы. Жылдамдығы 200—300 км/саг-қа жетеді.
4. Тарихтағы ең үлкен әрі қуатты торнадо қай жерде тіркелді?
Ең үлкен әрі қуатты торнадо 2013 жылы 31 мамырда Оклахома штатының Эль-Рино қаласы жанынан жүріп өткен. Оның диаметрі 4,2 км, ал жер бетіндегі жылдамдығы 474 км/сағ-қа жеткен.
🔹 3-топ: Оңтүстік жартышар материктері мен Антарктида климаты
1. Оңтүстік жартышар материктерінің құрамына қай материктер кіреді және олардың ортақ белгісі қандай?
Оңтүстік жартышар материктері құрамына Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия және Антарктида кіреді. Антарктиданы қоспағанда, бұл материктердің көпшілік бөлігінде температура жыл бойы жоғары болады және олар субэкваторлық пен тропиктік белдеулерде жатыр.
2. Жер шарындағы ең ыстық және ең ылғалды материктерді атаңыз?
Жер шарындағы ең ыстық материк — Африка болып саналады, мұнда ең жоғары температура (+58°C Ливия жері) тіркелген. Ал жауын-шашын мол түсетін, сол себепті ең ылғалды материк болып Оңтүстік Америка саналады.
3. Аустралия материгінің климаттық сипаты мен ерекшелігі қандай?
Дәл ортасы арқылы оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтетін Аустралия материгінің ыстық әрі басым бөлігі (60%-дан астамы) құрғақ болып келеді. Аустралияның климаты өзінің көрсеткіштері жағынан Африканың оңтүстік бөлігіне өте ұқсас болып келеді.
4. Антарктида неліктен ең суық материк болып есептеледі?
Антарктида түгелімен оңтүстік поляр шеңбері аумағында жатқандықтан ең суық материк болып есептеледі. Оның климаттық жағдайы басқа материктерден мүлдем өзгеше, бұған материк бетін жауып жатқан қалың мұз жамылғысы дәлел болады.