Жалпы балл
0/7
Дұрыс
0
Пайыз
0%
Деңгей
—
1. Картадан нысандарды көрсет. Картамда мына нысандарды көрсетіп, олардың нөмірін жаз.
1 балл
а) Канада
ә) Жерорта теңізі
б) Австралия құрлығы
2. Нысандардың орналасуын сипатта.
1 балл
Канада, Жерорта теңізі және Қазақстанның картада қай жерде орналасқанын жаз.
3. Географиялық номенклатураны анықта.
1 балл
Географиялық номенклатура дегеніміз не?
4. Дұрыс екпінді тап.
1 балл
Берілген географиялық атаулардағы дұрыс екпінді сөздіктен тексеріп, жазыңыз.
а) Флорида түбегі
ә) Балатон көлі
б) Вашингтон қаласы
5. Көрсеткішті пайдаланып, нысанды тап.
1 балл
Атластың «Географиялық атаулар көрсеткішін» пайдаланып, Кабул қаласын табу үшін қандай қадамдарды орындайсыз?
6. Бағдарлау жүйесін қолдан.
1 балл
Жерорта теңізін картадан табу үшін қандай бағдарлау жүйесін қолдандың?
7. Өзіңді тексер!
1 балл
Тізімнен кез келген 5 нысанды таңдап, олардың орналасқан жерін картадан тауып көрсет.