Мәлімет
Бүгін үйренетініміз: • ақпаратты өңдеу; • әртүрлі ақпараттарға мысалдар келтіру; • ақпаратты ұсыну. Ақпарат – Информация – Information Ақпарат бізге жазбаша, ауызша және қимыл-қозғалыс түрінде де беріледі. Ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта да болады. Демек, біз ақпарат алмасуды алу түрлі бар. Атап айтатын болсақ, ақпарат алмасу қарым-қатынас жасау арқылы, ойлану, өз бетімен зерттеу нәтижесінде жүреді (1-сурет). Ақпарат — сақтау, өңдеу, жеткізу және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған ортада болып жатқан мәліметтер мен өзгерістер. Қоршаған орта — ақпарат көзі. Біз ақпаратты қалай қабылдаймыз? Біз ақпаратты көру, есту, иіскеу, дәм тату, сипап сезу арқылы қабылдаймыз. Ақпаратты алуға адамның сезім мүшелері қатысады. Олар – көз, құлақ, мұрын, тіл және тері (2-сурет). Міне, қызық! Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ін көру арқылы, 10%-ін – есту, 4%-ін – иіскеу, 3%-ін – дәм сезу және 2%-ін сипап сезу арқылы алады екенбіз. Ақпарат адамға не үшін керек? Адам ақпаратты пайдалана отырып, белгілі бір мәселелерді шешеді. Жаңа ұғымдар мен ақпараттар алады. Қажет болса, ақпаратты өңдейді. Мысалы, сен компьютерде мәтін жазасың, оны өңдейсің, қағазға басып шығарасың, пошта арқылы досыңа жөнелтесің. Демек, біз ақпаратты есімізде сақтап қана қоймай, өңдеп, тарата да аламыз. Бұл – ақпараттық үдерістер деп аталады (3-сурет). Бұл мәтін негізінен ақпараттың не екенін, оны қалай алатынымызды және не үшін қолданатынымызды түсіндіреді.