§59. Мемлекеттік шегаралар

Сұрақты басқанда жауап ашылады
1-топ

Функциялары

1. Мемлекеттік шегаралардың негізгі 3 функциясын атаңдар.
Бөлуші, жалғастырушы және сүзгілік функциялар.
2. Бөлуші функцияға нақты мысал келтіріңдер.
Визалық режим енгізу, шекаралық бақылау бекеттерін орнату.
3. Жалғастырушы функция қандай жағдайда күшейеді?
Көршілес елдер арасында экономикалық ынтымақтастық артқанда.
4. Сүзгілік функцияның маңызы неде?
Қауіпті ағымдарды, контрабанданы, заңсыз көші-қонды болдырмау.
5. Қай функция қазіргі заманда маңыздырақ деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың пікіріне байланысты талқылау сұрағы.
2-топ

Түрлері және белгілеу

1. Табиғи және жасанды шегаралардың айырмашылығы қандай?
Табиғи — өзен, тау, теңіз арқылы; жасанды — адам қолымен белгіленген.
2. Табиғи шегараларға 3 мысал келтіріңдер.
Өзен, тау жотасы, теңіз жағалауы.
3. Делимитация дегеніміз не?
Картада келіссөз арқылы шегара сызығын анықтау.
4. Демаркация қалай жүргізіледі?
Жергілікті жерде шегаралық белгілер орнату арқылы.
5. Неліктен табиғи шегаралар сенімді?
Олар табиғи тосқауыл ретінде қорғаныс қызметін атқарады.
3-топ

Динамикасы

1. Мемлекеттік шегаралар қалай өзгеруі мүмкін?
Соғыс немесе бейбіт келісімдер арқылы.
2. Цессия ұғымын түсіндіріңдер.
Аумақты келісім арқылы басқа мемлекетке беру.
3. Адъюдикция дегеніміз не?
Халықаралық сот шешімімен аумақты беру.
4. Аккреция қандай жағдайда болады?
Табиғи немесе техногендік жолмен аумақтың ұлғаюы.
5. Өз еркімен бірігуге мысал келтіріңдер.
Танганьика мен Занзибар бірігіп Танзанияны құрды.