ҰБТ тест • 30 сұрақ

«АДАЛ АЗАМАТ” ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ»

Кіріспе

«Адал азамат» құндылықтары студенттің тұлғалық дамуында шешуші мәнге ие. Олар білім алушының мінезін, жауапкершілігін, тәртібін, сыйластығын және қоғамдық белсенділігін қалыптастырады. Бұл әдістеме оқу мен тәрбиені бір арнаға тоғыстырып, студенттің тек білімді ғана емес, мәдениетті, адал, еңбекқор, ұқыпты және елжанды тұлға болып өсуіне бағыт береді.

Тұлғалық даму — адамның өз мінезін басқаруы, өз ісіне жауап беруі, өзгемен дұрыс қарым-қатынас жасауы, ортада өзін ұстауы және қоғамға пайдалы болуға ұмтылуы. Осыған байланысты оқу үдерісінде құндылыққа негізделген тапсырмалар мен жүйелі тест жұмыстары маңызды орын алады.

Ереже

1. Әр студент тапсырманы өз бетімен орындайды. Адал жұмыс — білімнің негізгі өлшемі.

2. Уақытты дұрыс пайдалану қажет. Тапсырманы кешіктірмей орындау жауапкершілікті қалыптастырады.

3. Өзгенің пікірін тыңдау керек. Сыйластық бар жерде түсіністік болады.

4. Тәртіп сақтау — оқу сапасының басты шарты. Жүйелі әрекет нәтиже береді.

5. Қоғамдық іске белсенді қатысу студенттің көшбасшылық қабілетін дамытады.

6. Еңбек ету, іздену, көмектесу және әділ шешім қабылдау — «Адал азамат» бейнесінің негізі.

Тапсырма

Төмендегі 30 тест сұрағына жауап беріңіз. Барлығы бір дұрыс жауаптан тұрады.

Ұпай: 0 / 30