Көл дегеніміз не?
Қазақстандағы ірі көлдер мен олардың таралуын талқылап көріңдер.
Көл — мұхитпен тікелей байланысы жоқ, табиғи қазаншұңқырларда орналасқан су айдындары.
Қазақстандағы ірі көлдер: Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан.
2-жұп тапсырмасы:
Көлдердің шығу тегіне байланысты түрлері қандай?
Әр типке мысал келтіріп, сипаттаңыздар.
Көлдердің типтері:
1. Тектоникалық — Байкал, Танганьика.
2. Мұздық — Альпі тауларындағы көлдер.
3. Қалдық — Каспий теңізі, Чад көлі.
4. Жанартаулық — кратерлік көлдер.
5. Бөгеттелген және ағынды көлдер.
6. Тұзды және тұщы көлдер.
3-жұп тапсырмасы:
Өлі теңіздің ерекшеліктері қандай?
Оның орналасуы, тереңдігі, тұздылығы және химиялық құрамы туралы айтып беріңдер.
Өлі теңіз — Оңтүстік-Батыс Азияда орналасқан.
Ұзындығы 80 км, ауданы 940 км², ең терең жері 403 м.
Дүниежүзілік мұхит деңгейінен 400 м төмен, тұздылығы өте жоғары (322‰), көп бромидтер мен тұздар бар.
4-жұп тапсырмасы:
Мұздық дегеніміз не?
Мұздықтардың қалыптасуы мен таралуын талқылаңдар.
Мұздық — ұзақ уақыт бойы жиналып, қатайып құрлықта түзілетін көп жылдық мұз қабаты.
Құрлық аумағының 11%-ын алып жатыр.
Қалыптасуына климат, қар сызығы, температура, жауын-шашын әсер етеді.
5-жұп тапсырмасы:
Мұздықтардың негізгі түрлерін атаңыз және сипаттаңыз.
Мұздық түрлері:
1. Құрлықтық мұз жамылғысы — Антарктида, Гренландия.
2. Тау мұздықтары — таулы аймақтардағы мұздықтар.
3. Аңғарлық мұздықтар (глетчер) — тау төбелерінен аңғарларға түседі.
4. Қар шұңқырындағы (кар) мұздықтар — қар сызығынан жоғары орналасады.