Жасушалық құрылымдар

Оқу мақсаты:Өсімдік және жануар жасушаларының негізгі бөліктерінің құрылысы мен қызметін түсіндіру.

🎥 Видео сабақ

📚 Жасушалық құрылымдар

Жасушаның ұсақ органоидтерін де, оның өсіп өнуінің бөлшектерін де біріктіріп түсінік. Эукариоттық жасуша бөлімдеріне цитоплазма, қабықша және ядро жататынын білесіңдер. Цитоплазма — тұтқыр сұйықтық — жасушаның ішкі ортасы, оның құрамбөлігі. Ол ядро мен жасуша қабықшасы арасындағы кеңістікті толтырып тұрады. Құрамында ферменттер бар, соларға байланысты цитоплазма тірі жасушаға тән көптеген химиялық реакциялар жүреді. Плазмалық мембрана — май мен нәруызды заттардан түзіліп, жасушаның сыртын қаптайды. Ол болмаса жасуша тіршілік ете алмайды. Плазмалық мембрана жануар жасушасы қабықшасының бірден-бір құрамбөлігі. Ал өсімдік, бактерия мен саңырауқұлақ жасушасында бұл жасуша бөлігі болып табылады. Оларды мембрана на сыртында, сонымен бірге қатты жасуша қабырғасы да болады. Жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен қажетсіз өнімдер мембрана арқылы өтеді. Жасушаға қажет заттарды сіңіру және қажет емес заттарды шығару қасиеті іріктемелік өткізгіштік деп аталады. Мембрана арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. Ядро — барлық эукариоттық жасушалардың міндетті бөлігі. Ядросыз жасушалар көбейе алмайды (эритроциттер). Ол цитоплазмадан көптеген саңылауы бар қосарлы ядро мембранасы арқылы бөлінеді. Саңылаулар арқылы цитоплазма мен ядро шырыны (кариоплазма) — ядро ішіндегі сұйықтық арасында зат алмасу жүреді. Ядрода ДНҚ мен тұқымқуалауға жауапты хромосомалар, ядрошықтар мен тұқым қуалау ақпаратын сақтауға әрі жүзеге асыруға қажет әртүрлі ферменттер болады. Жасушада биохимиялық үдерістер нәруыз-ферменттер арқылы жүзеге асады. Осы және басқа нәруыздардың құрамы туралы ақпараттар ядрода болатын хромосома ДНҚ-сында сақталады. Сондықтан ядро жасуша тіршілігін басқарады деп жиі айтады. Ядрода жүретін үдерістерге байланысты білгілі бір фермент түзіледі.жасушада биохимиялық үдерістерді бағыттайды. Бұл су, қартаю, белгілі бір заттарды қорыту немесе тіпті өзін-өзі жою үдерістері болуы мүмкін. ЭПТ (эндоплазмалық тор) — цитоплазманың ішінде бір-бірімен тығыз байланысқан түтіктерден, көпіршіктер немесе қапшықтардан жиынтығынан тұратын мембраналар. ЭПТ екі түрге бөлінеді: бұдыр ЭПТ және тегіс ЭПТ. Бұдыр ЭПТ мембранасында рибосомалар орналасатыны естелеріңде бар. Сәйкесінше ол жерде жасуша нәруыздарының биосинтезі жүреді. Рибосомалар жоқ ЭПТ бөліктерінде майлар мен көмірсулар биосинтезі жүреді, оны тегіс ЭПТ атайды. Рибосомалар — жасушалардың барлық типтеріне тән мембраналық емес ұсақ органоидтер. Олар болмаса тіршілік те болмайды. Олар хромосома ДНҚ-сында жазылған ақпараттар бойынша аминқышқылдары-нан өз нәруыздарын синтездейді. Осылай рибосомалар тұқым қуалау ақпараттарын жүзеге асыруға қатысады. Рибосомалар химиялық тұрғыда РНҚ мен нәруыздардан тұрады. Олар 8 сыныптың «дұрыс емес» пішініне ұқсайды, себебі оның бір бөлігі екінші бөлігіне пропорционал емес. Рибосома үлкен және кіші суббірліктерден тұрады. Гольджи аппараты — цитоплазмадан бір мембрана арқылы бөлінген ЭПТ-ға ұқсас органоид. Сонымен қатар бұл органоидтің ЭПТ-ға ұқсас екі қызметі бар: 1) жасуша ішінде заттар тасымалдау; 2) өз майлары мен көмірсуларын синтездеу.

Гольджи жиынтығының ерекшелігі:

1. оның мембраналары ядроға жақын орналасады және цистерна түзеді; 2. құрамында ешқашан рибосомалар болмайды, сәйкесінше нәруыздарды синтездемейді; 3. Гольджи кешенінің қуысына түсетін заттар (жиі ЭПТ түтікшелерінен) биохимиялық тұрғыда түрленеді – модификацияланады; 4. Гольджи түтікшелерінен құрамында белгілі бір заттар бар мембраналы көпіршіктер – диктиосома – шығуы мүмкін. Көпіршіктерге жасушалардан шығарылуы тиіс зиянды заттар түсуі мүмкін. Көпжасушалы ағзаларда бұл дененің басқа бөлігіне қажет қор мондарын мен ферменттер болуы ықтимал. Кейбір көпіршіктер жасушада заттарды сақтау үшін қажет, ал басқалары белсенді лизосомалар болады. Лизосомалар — литикалық ферменттері толы мембраналы көпіршіктері (грек тілінен аударғанда «lysis» – ыдырау, еру деген мағынаны білдіреді). Басқа сөзбен айтқанда бұл – «бұзылу» немесе «қорыту». Сонымен, лизосома бір нәрсені бұзатын, ерітетін немесе қорытатын денешік. Лизосомалар қоректі, зиянды бөлшектерді, жасушаның ескі бөліктерін немесе жасушаның өзін қорытуы мүмкін. Жасушаның өзін-өзі қорыту үдерісі аутолиз деп аталады. Митохондриялар — екі мембранадан тұратын барлық эукариотты жасушаларға тән ірі органоидтер. Митохондрия жасуша пайдаланатын энергияның көп бөлігін түзеді. Жасушада жүретін тіршілік үдерістеріне негізінен АТФ энергиясы қолданылады. Энергия сыйымды заттардың 94-95% синтезі митохондрияда жүреді. Тыныс алу үдерісі барысында органикалық заттар — көмірсулар, майлар мен нәруыздар энергиясы АТФ энергиясына айналады да, содан кейін жасуша пайдаланады. Ол үшін электр тасымалдау (ферменттер) мен митохондрия (кристалдар) құрылымдары қажет. Соңғы өнімдер ретінде көмірқышқыл газ және су бөлінеді, ал нәруыздан кейін құрамында азотты заттар бөлінеді. Пластидтер — тек өсімдіктерге тән екі мембраналы органоидтер. Пластидтердің типтері мен олардың рөлі туралы 8-сыныпта оқып білдіңдер. Маңызды пластидтер — хлоропласттар фотосинтез үдерісін жүзеге асырады, себебі құрамында хлорофилл пигменті бар.

Пластидтер мен митохондриялардың ұқсас белгілері:

1. екі мембранадан тұратын — тегіс сыртқы және ішінде бумалар (хлоропласт граналары) немесе өсінділері (митохондрия кристалдары) бар органоидтер; 2. пластидтер (строма) мен митохондрияның (матрикс) сұйық ішкі ортасы цитоплазмадан бөлінген және оларда өздерінің күрделі реакциялары жүреді; 3. өз жерде жеке рибосомалар, сақинатәрізді ДНҚ-сы, РНҚ мен нәруыз-ферменттердің алуан түрлері болады және қызмет атқарады; 4. бұл органоидтер тірі жасушадан тыс қоректік ортада тіршілік ете алады, бірақ көбеюге қабілетті емес. Жасуша орталығы — макротүтікшелердің (жиырылғыш нәруыздардың) екі түтігінен тұратын мембраналы емес ұсақ органоид. Ол көбею кезінде хромосомалардың жас жасушаларға біркелкі таралуына жауапты. Химиялық құрамындағы мен жалпы құрылысы бойынша – жасуша орталығын түзетін макротүтікшелер талшықтар мен кірпікшелерге ұқсас. Сондықтан ол органоидтер тек жануар (олар өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың жасушаларында жоқ) жасушаларына тән. Қозғалыс органоидтері — мембраналы емес органоидтер - талшықтар мен кірпікшелер. Олар жасуша мембранасының бетіне шығып, қозғалу арқылы жеке-дара жасушаға сұйық ортада қозғалуға мүмкіндік береді. Көпжасушалы ағзаларда олар бөлшектердің белгілі бір бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді. Бактерия талшықтары құрылысымен эукариоттардың осындай талшықтарының құрылысынан түбегейлі айырмашылығы бар. Бірақ эукариоттардың кірпікшелері мен талшықтарының ішкі құрылысы бірдей және олар ұзындығы мен саны және ерекшеленеді.

👥 10 сұрақтық сәйкестендіру тапсырмасы

📝 10 сұрақтық тест