🗺 Картамен жұмыс — Жауын-шашын, қар жамылғысы

Қазақстанның климаттық көрсеткіштері бойынша сұрақтар

1️⃣ Жауын-шашын картасы

Жауын-шашын картасы

Картаны қарап, Қазақстанның қай аймақтарында жылдық жауын-шашын аз, қай аймақтарда көп екенін анықтаңдар. Осы айырмашылықтарға не әсер етеді? Жауабыңда ауа массалары мен жер бедерін түсіндір.

Жауап: Солтүстік және таулы аймақтарда жауын-шашын көбірек, ал орталық және оңтүстік жазық аймақтарда аз. Айырмашылыққа атмосфералық ауа массаларының түрі (арктикалық, қоңыржай, тропиктік), олардың ылғалдылығы және жер бедері (таулар ауа қозғалысына кедергі болып, жауын-шашын түсуін арттырады) әсер етеді.

2️⃣ Жауын-шашын диаграммасы

Жауын-шашын диаграммасы

Петропавл, Жезқазған және Шымкенттегі айлық жауын-шашын мөлшерін салыстырыңыз. Қай айларда жауын-шашын көбірек түседі, қай айларда аз? Осы деректерге сүйене отырып, климат ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Жауап: Петропавлда көбірек жауын-шашын жазда, аз айыққы. Жезқазғанда жауын-шашын аз, біркелкі таралған. Шымкентте көктем мен күзде жауын-шашын көп, жазда аз. Бұл деректер Қазақстанның континенталды климатын, оңтүстік аймақтарда құрғақшылықты көрсетеді.

3️⃣ Қар жамылғысының қалыңдығы

Қар жамылғысы

Карта бойынша таулы аймақтар мен жазық жерлерде қар қалыңдығы қалай өзгереді? Бұл айырмашылық неге байланысты? Қардың шаруашылықтағы және экологиялық маңызын түсіндіріңіз.

Жауап: Таулы аймақтарда қар қалың (3-5 м), жазық жерлерде жұқа (10-20 см). Айырмашылық таулардың ауа массаларын көтеруімен, температура мен ылғалдылыққа байланысты. Қар судың қоры, өсімдіктер мен жануарларды аяздан қорғайды, егіншілікке және қысқы спортқа маңызды.

4️⃣ Қазақстан климаты

Қар жамылғысы

Батыс Қазақстан Шалқар, Индер және Аралсор атты үш тамаша көл бар. Картаға қарап, олардың қайсысы жазда кеуіп қалатынын анықтаңдар. Өз талдауларың бойынша айтып беріңдер ?

Жауап: Жазда кеуіп қалатын көл — Аралсор. Неге? (қысқаша түсіндірме):
  • Аралсор — сор көл, яғни таяз, тұзды, суы негізінен көктемгі еріген қар суынан жиналады. Жазда ыстықта суы буланып, көбіне кеуіп қалады.
  • Шалқар көлі — ірі, суы тұрақты, жазда кеуіп кетпейді.
  • Индер көлі — тұзды болғанымен, суы жыл бойы сақталады, кеуіп қалмайды.